СҮЙЕ БІЛУ БІР БАҚЫТ..
Айырбасқа бере алмайтын таққа мың ,
Бұл сезімге басқа теңеу таппадым.
Аласұрып түнді ұйқысыз өткізіп ,
Сүйе білу...
Ең ғажайып шақтарың..!
Болсын мейлі.. жан ауыртар азабы,
Түсінсеңші...ол ғашықтың наз əні.
Құлай сүю, жылай сүю біреуді..
Тағдырыңның қайталанбас ғажабы.!
Ұнату бар, сүйіп қалу, кезігу,
Жаралану..сүйген жаннан безіну.
Жүрегіңді əлдилейді екен-ау..
Бір адамның ойлайтынын...сезіну !
Алаңдайсың..кетсе ол адам дерексіз,
Болмасаңда бөлек жігіт , ерек қыз.
Сүйе білген жанның бəрі бақытты,
Қорқу керек..боп қалудан керексіз!
Аңсай күтіп..жат пейілін , жат демін ,
Өткерсеңде махаббаттың "əттеңін".
Мұз жастанып, тас төсеніп талықсып,
Сүйе алғаның...
Ең бақытты сəттерің.!
Сезім -кəусар..тұнығында ұйытты,
Балдай сімір..одан келген күйікті.
Махаббаттың етегінен айырылма,
Бір адамға болғаныңша сүйікті.!
Жасқа толтыр жанарыңды тұмшалап,
Жатыр дейсің, бар- жоғыңды кім санап.!
Бақыттысың..
Сені ойласа бір адам,
Қия бермес..
Тəңір саған мұнша бақ.!
Ғашық болу, ғаламат күш расында,
Жүрегіңді тосып үйрен жасынға.
Махаббаттан қайғы кешу - бір бақыт,
Сүйе алмайтын адамдардың қасында.!
Айырбасқа бермейтұғын таққа мың ,
Шешіп үйрен махаббаттың шарттарын.
Жыласаң да, қуансаң да əйтеуір...
Сүйген кезің...
Ең бақытты шақтарың.!!!
МЕХНАТ ТЕМІРТАСҚЫЗЫ